Размер шрифта:
ФЛОРЕНС НАЙТИНГЕЙЛ АТЫНДАҒЫ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛҒАНДАР
Play

ФЛОРЕНС НАЙТИНГЕЙЛ АТЫНДАҒЫ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛҒАНДАР

Флоренс Найтингейл медалі -халықаралық қайырымдылық пен жанкештілік символы-Халықаралық Қызыл Крест комитетінің жоғары наградасы ретінде соғыс және бейбіт уақытында жаралылар мен ауру адамдарға күтім жасау кезінде жоғары кәсіптілік,ерлік пен батылдық, қайырымдылық, жанкештілік пен ізгіліктік көрсеткен медицина бибілеріне беріледі.

Бүкіл дүние жүзінде – осы медльмен 1309 медицина бибілері марапатталған. Кеңестік кезеңнің- 26 батыр әйелі Ұлы Отан соғысында ерлік пен батырлық көрсеткені үшін марапатталған. Қазақстанда 5 медицина бибісі осы жоғары награда- Флоренс Найтингейл медалімен марапатталған.

Ағылшын әйел Флоренс Найтингейл –XIX ғасырда Британияда медбибілер курсын ұйымдастырып, Қырым соғысында (1854-1856жж.) оны басқара білген. Медбибілер отряды жаралыларға бірінші медициналық көмек көрсеткен. Өмірінің соңғы жылдарында Флоренс өзінің барлық байлығын ұрыс даласы мен бейбіт уақытта қайырымдылық көрсеткен медицина бибілері мен санитарларын марапаттау мекемелеріне қолдануға мұра етіп қалдырады. 1912 жылы Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Одағы атақты қайырымдылық бибісі Флоренс Найтингейл құрметіне медаль шығарды, бұл медальмен Флоренс Найтингейлдің туған күні – 12 мамырда екі жылда бір рет марапаттап отырады. Осы уақытқа дейін бұл наградамен әлемнің әртүрлі елдерінен 1170 астам әйелдер марапаттталған. Марапатталғандар арасында: Р.Ш. Искакова (Шымкент қ.),М.П. Смирнова –Кухарская (Көкшетау қ.), А.Р. Дмитриенко –(Тараз қ.), В.В. Широкая-(Целиноград-Астана қ.), А.Я. Дмитриева –(Павлодар қ.) және т.т.бар.

Рәзия Шакеновна Искакова – Қызылорда облысы, Жаңа Қорған ауданы Төмен-Арық станциясында дүниеге келген. Еңбекқор, пысық Рәзия Шымкент медицина техникумына оқу түсіп, онда болашақ кәсібінің негізін игереді. 1941 жылдың қыркүйек айында ол майданға сұранып, өз еркімен аттанады. Оны Воронеж бағытындағы майданның 186-шы құрылыс-жол батальонына әскери фельдшер етіп бекітеді. Рәзия Шакеновна Искакова майдан жолдарымен Сталинградтан Берлинге дейін өтті.Оны солдаттар мен командирлері мейірімділігі үшін, жүздеген жаралы жауынгерлерді ұрыс даласынан шығарып, көмектесе білгені үшін «Майдандас қарындас» деп еркелеткен жылылықпен айтатын. Оның жауынгерлік ерлігі Қызыл Жұлдыз орденімен, Отан соғысының II дәрежелі орденімен, көптеген медальдермен аталған.

Рәзия Искакова 1946 жылы жазда майданнан медицина қызметінің гвардия аға лейтенанты атағымен елге оралды. Келе сала Рәзия Искакова облыстық аурухананың поликликасында жұмыс істей бастады. Сол жұмыс орнында ол елу жыл істеп, көп жылдар бойы аға медбибі лауазымын атқарған. 1975 жылы, соғыс аяқталғаннан кейін, отыз жылдан соң Рәзия Искакова өзінің ең жоғарғы наградаларының бірі – Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Флоренс Найтингейл атындағы медалін алды. СССР Қызыл Крест ұйымы оның азаматтық ерлігін әділ бағалап, 1992 жылы таңдаған кәсібіне деген адалдығы, қайрымдылық пен адами қасиеттері үшін Пирогов атындағы медальмен марапаттады. Казіргі уақытта Рәзия Искакова 82 жаста.

Мария Петровна Смирнова-Кухарская 1921 жылы Одесса қаласына жақын жерде туған. Мектеп бітіре салысымен 1941 жылы шілде айында майданға аттанады. Соғысты атқыштар ротасының 97 дивизиясы, барлау ротасында санинструктор, атқыштар батальонының санитарлық взводының командирі болып өтті. Мария Петровна Сталинград, Белград, Полтава, Кременчуг, Кировоград, Прага, Дрезден және басқа да қалалардағы соғыстан өтті. Ұрыс даласында үш рет жараланып, бір контузия алды. Соғыс кезінде ұрыс даласынан 480 жуық жаралы жауынгерлерді шығарған, өзі де бірнеше рет жаралы болды. «Ленин орденімен», «Қызыл жұлдыз» орденімен, Ұлы Отан соғысының I, II дәрежелі ордендерімен, «Ерлігі үшін» 2 медальмен марапатталған. Оның ерлігі туралы майдан газеттері жазып, тіпті өлеңдер де шығарған, оған дәлел Евгений Долматовскийдің «Маруся Кухарская туралы» жазған әні. Соғыстан кейін Мария Петровна Көкшетау қаласына көшіп келеді. Мұнда ол 30 жыл еңбек етеді. Бейбіт уақыттағы еңбектегі жетістіктері үшін ол «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медалімен марапатталады.

1973 жылы мамыр айында Мария Кухарская Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен медициналық көмегі мен бейбіт уақыттағы көмектері үшін Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің жоғарғы наградасы- Флоренс Найтингейл атындағы медальмен марапатталады. 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, « СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы беріледі. 2001 жылы наурыз айында « Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағы беріледі. Мария Петровна 2010 жылы 89 жасында өмірден өтті.

Анна Михайловна Дмитриенко 1923 жылы Алтай өлкесі Линьки селосында дүниеге келген. 18 жасқа толысымен 1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. Москва, Ленинград, Старая Русьті қорғау шайқастарына, Бас командованың екінші жеке инженерлік-санитарлық бригадасының 9-шы батальонында санитар-инструктор лауызымымен Курск доғасындағы Орел қаласы маңындағы ұрыстаруға қатысады.

Ұрыс даласынан 200 ден астам ауыр жараланған жауынгерлерді алып шыққан. 1944 жылы ұрыс даласында жарақаттандарға бірінші көмек беру үстінде алған жарақатынан кейін Совет Армиясы қатарынан кері қайтарылады. 1943 жылдан бастап Анна Михайловна ақысыз қан беру доноры болып келген. Қаншама рет жаралылар мен ауру адамдарға өз қанын берді, есептей келсек барлығы 70 литрдей қан берген екен.

25 жылдан астам туберкулезге қарсы диспансерде медбике болып істеді. Сонымен бірге ол ҚазССР ОҚК қызметіне белсене қатысты: Қызыл Крест комитетінің бірінші ұйымының, учаскелік комитетінің төрайымдары міндеттерін атқарады. Ақысыз қан беру донорлығын насихаттайды, науқастарды үйде күту жөнінде белсенділер дайындайды. 1957 жылы Текелі селосындағы зардаптарды жоюға белсенділікпен қатысты. 1989 жылы Флоренс Найтингейл атындағы медальмен марапатталды. Анна Михайловна ұзақ жылдар бойы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде істеді. Жаны жайсаң, мейірбанды әрі кішіпейіл, тамаша ұйымдастырушы, адалниетті және тәртіптілік қасиеттері мол бұл адам жастар үшін керемет үлгі иесі болып қалады.

А.М. Дмитриенконың еңбегі мемлекетпен бағаланды: «Ұлы Отан соғысының I дәрежелі» орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», « Ленинград қорғанысы үшін» медальдерімен марапатталды.

Вера Власовна Руденко-Широкая колхоз жастары мектебін мақтау грамотасымен бітірісімен Одесса қаласындағы заводқа жұмысқа орналасады. Ол жақтан талапты жас қызды Одесса медициналық училищесіне оқуға жібереді. 1941 жылы маусымның 22 күні соғыс Одесса қаласына тұтқиылдан келіп келді, Вераны армия қатарына шақырады. Алғашқыда қала аспанын қорғады, 1941 жылдың 1 тамызынан бастап, неміс басқыншылары Қара теңіздің інжу жағалауын қоршай бастаған кезден бастап 316 жаяу әскерлер полкында әскери фельдшер болып істеді. Жаралыларды ұрыс даласынан шығарып отырды, ауызы кеуіп шөл қысқан жаралыларға өз құтысынан су ішкізіп ( су құбыры жарылған болатын, қала суға жарымады), жарақаттарын таңып, қалаға аттандырып отырды. Күннен күнге жағдай қиындай түсті: атыстар, бомба жарылыстары барған сайын үдей түсті. Қан беру қажет болса – Руденко бірден өз қанын беретін. Соғыстың тек алғашқы үш айында ол сегіз рет тікелей өз қан құйғызды, ал бұл іс бүкіл соғыс бойы қаншама еді-оны есептеп жату мүмкін емес еді. Ростов-на –Дону қаласын азат ету ұрысына қатыса отырып, өзінің нәзіктігіне қарамастан елуден астам солдаттар мен офицерлерді терең өзеннен өткізіп, алып шықты. Бір жолы фашистердің контратака жасау кезінде артиллерия атысы астында қалды. Руденконы траншея ішінда топырақ басып қалады. Контузия алған, жараланған оны барлаушылар тауып, алып шығып санитарларға береді. Арықша келген, көп сөйлемейтін, құлағы нашар еститін оны госпидалде әрең аман алып қалады. Әскер қатарынан мүгедек болып 1944 жылы өзінің туған селосына оралған ол жергілікті ауруханада жұмыс істей бастайды. Соғыстан кейін тың жерді игеру кезеңі қарсаңында Қазақстанға келеді, мұнда ол жергілікті халыққа көмек жасау ісімен айналысады. 1987 жылы Флоренс Найтенгейл медалімен марапатталады.

Дмириева (Губина) Антонина Яковлевна 1921 жылы 8 наурызда Омбы облысы Черкалск ауданының Татарка селосында дүниеге келеді. Өзінің еңбек жолын соғысқа дейін Павлодар қаласында бастайды. 1942 жылы санитарлық инструкторлар курсын бітіреді, ал 1942 жылғы желтоқсан айының 5-де Антонина майданға аттанады. Бүкіл соғыс бойы ол 1-ші гвардиялық мотоатқыштар бригадасының 2-ші батальонының алдыңғы шебінде санинструктор болады. Украина жеріндегі ұрыстарға қатысады. Оның жауынгерлік ерлік жолы Орлов-Курск доғасындағы ұрыстарда өтеді, Ол Польшаны азат ету ұрыстарына, Германия жеріндегі ұрыстарға қатысады. Ауыр жараланып, госпитальде емделеді де қайтадан қатарға шығады. Речица түбіндегі (Беларуссия ССР) ұрыстарда плащ-палаткамен сүйретіп, ұрыс алаңынан 9 жауынгерді алып шығып, көмек береді, олардың үшеуі ес-тұсынан айрылған болатын, сөйтіп олар аман қалып, медсанбатқа жеткізіледі. Сол кездегі майдан газеттерінде оның ерліктері жайлы айтылған болатын. Ержүректілік көрсетіп, дер кезінде медициналық көмек көрсете білгені үшін кейін «Ерлігі үшін». «Ұрыстағы ерлігі үшін» медальдарымен (1943ж.), сондай-ақ Отан соғысының орденімен марапатталды.

Жеңіс күнін Антонина Яковлевна Берлин түбінде, Постров елді мекенінде қарсы алды. Әскер қатарынан оралғаннан кейін ол Павлодар қаласына оралып, балалар санаторийінде, балалар поликлиникасында медбибі, патронаждық медбибі болып, балаларға қамқорлық жасап, бүкіл өмірін балаларға арнады. 1985 жылы оны тағы да бір награда тапты, ол Флоренс Найтингейл медалі болатын, оны соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен бейбіт уақыттағы кәсібіне деген жанкештілігі үшін Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай комитеті марапаттады.

Павлодар медициналық колледжінің студенттері Антонина Яковлевнаның ерлігін қастерлейді. Павлодар медициналық колледжі жерлесіміз Дмитриева (Губина) Антонина Яковлена туралы, көзі тірісінде мерзімді баспасөз берттерінде жарияланған жариялымдар, фотографиялары мен жеке құжаттарының көшірмелері жөнінде бай материал жинақтады. Мұрағаттық құжаттарының көбін колледжге оның немерелері мен шөберелері әкеліп берді.

Қазақстан жерінде Флоренс Найтингейл атындағы медаль иегерлері—медицина бибілеріне арналған «Қайырымдылық және ерлік» атты бір ғана мұражай бар. Ол мұражай Қазақ ССР-нің Мәдениет жөніндегі Мемлекеттік комитеті алқасының 1990 жылы 22 қарашадағы №15 Қаулысымен Көкшетау медициналық колледжі жанында құрылып, оған « Халықтық» деген атақ берілді.

📎📎📎📎📎📎📎📎📎📎